Павлодар облысында көкөністердің бағасы арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйекте Павлодар облысында көкөністердің бағасы 6 пайызға төмендеген 05.10 2019 09:29 Ертіс өңірінде қыркүйек айында барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,3 пайызға өскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық статистика департаменті мәлім етті.

«Павлодар облысы бойынша 2019 жылғы қыркүйек айында тұтыну бағаларының индексі 100,3 пайызды, азық-түлік тауарларына 100,1 пайызды, азық-түлік емес тауарларға 100,2 пайызды, ақылы қызметтерге 100,7 пайызды құрады», - деді департаментте.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Қыркүйек айындағы жағдай бойынша азық-түлік тауарлары бойынша жұмыртқаға – 6,2%, күрішке – 2,9%, етке – 2,7%, кондитерлік өнімдерге – 1,6% баға өсуі байқалды.

Сонымен қатар, көкөністерге 6,1 пайызға баға төмендеді, - деді департаментте. – Азық-түлік емес тауарлар нарығында жиһаз және кілем өнімдеріне 1,5 пайызға, фармацевтикалық өнімдерге 0,8 пайызға баға өсуі тіркелді. Ақылы қызметтер бойынша білім беру қызметтеріне 1,6%, көлік қызметтеріне – 1,1% баға өсуі анықталды.
Соңғы жаңалықтар