Павлодар облысында кәсіпкерлер саны артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қазандағы жағдай бойынша Павлодар облысында тіркелген заңды тұлғалардың саны 16043 бірлікті құрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 3,4%, жұмыс істейтіндердін саны 4% көбейді.

«Мөлшерлігі бойынша тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санынан 98%-ы шағын, 1,5%-ы орта және 0,5%-ы ірі кәсіпорындарды құрайды. Тіркелген заңды тұлғалардың ішінен жеке меншік заңды тұлғалар 87,9%-ды, мемлекеттік - 8,4%-ды, шетелдік - 3,7%-ды құрайды. Ұйымдық – құқықтық нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны: мемлекеттік кәсіпорындар – 359 (2,2%), шаруашылық серіктестіктер – 13191 (82,2%), акционерлік қоғамдар – 41 (0,3%) және басқа да ұйымдастырушылық құқықтық нысандары – 2452 (15,3%)», - деп хабарлайды департамент баспасөз қызметі.

Тіркелген заңды тұлғалардың едәуір саны көтерме және бөлшек саудаға, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуге келеді, олардың үлесі 33,3% құрады. Екінші орында – құрылыс (13,1%), үшінші орында – өңдеу өнеркәсібі (7,6%). Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 54%-ын құрайды.
Соңғы жаңалықтар