Павлодар облысында кәріз құдығына түсіп кеткен бала құтқарылды

None
None
ПАВЛОДАР.  ҚазАқпарат - Оқиға Ақсу қаласы аумағында Береке ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зардап шеккен бес жасар бала қатты тоңып, ақпасуға шашалып қалған, алайда дәрігерлер оны құтқарып қалды», - деп хабарлады бүгін таңертең жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі.

Оқиға сенбі күні Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Береке ауылында болған, деп атап өтті ведомствода. Әрең тыныс алып жатқан баланы құдықтан төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шығарып алған.

«Кейін жедел жәрдем қызметі іске кірісті - балаға тыныс алу жолдарының  аспирациясы және қатты салқын тию деген диагноз қойылды. Реанимациялық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегушіні Ақсу орталық ауруханасына апарды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Бүгін баланы санавиация арқылы Павлодардағы облыстық балалар ауруханасына жеткізген. 

Соңғы жаңалықтар