Павлодар облысында қараусыз қалған бұқа біреудің көлігін сүзіп, бүлдірді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Оқыс оқиға Павлодар облысының Тереңкөл ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл тұрғыны өзінің малын өрістен уақытында күтіп алмаған. Нәтижесінде иесіне «ренжіген» бұқа ауыл көшелерін кезіп жүрген. Бір кезде бұқаның көзі тұрақта тұрған «УАЗ Патриот» көлігіне түседі. Автокөлікке арқасын қасымақ болған бұқа оған зақым келтірді», - деді Павлодар облысының полиция департаментінің өкілі.

Көлік иесі басқа біреудің бұқасының көлігін зақымдағанын көріп, бірден полицияға хабарлаған. «Малдың иесі табылды. Ол әкімшілік жауапқа тартылды. «Малды өріске жіберген кезде оны қараусыз қалдырмаңыз, уақытында күтіп алыңыз. Сіздің бейқамдығыңыздың салдары шығынға ұшыратуы мүмкін», - дейді тәртіп сақшылары.
Соңғы жаңалықтар