Павлодар облысында қар жауды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін таңертең Павлодар облысының Баянауыл мен Лебяжі аудандарында қар аралас жаңбыр жауды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қолайсыз ауа райының фото, видеоларын павлодарлықтар әлеуметтік желілерде қызу талқылауда. Лебяжі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аманжол Ереннің айтуынша, сағат 11:00 шамасында қар еріп кеткен.

«Қазір күн өте салқын, бірақ кейбір жерлерде қар еріп кетті. Соңғы рет мамырда қашан қар жауғаны есімде жоқ», - дейді ол.  

Дәл мұндай жағдай Баянауыл ауданында да орын алды. Облыстық «Қазгидромет» филиалының кезекші синоптигі Оксана Овсянникова атап өткендей, салқын ауа райы өңірде мамыр айының соңына дейін сақталады.  

«Бүл күндері Павлодар облысында ауа температурасы төмен тұр: нөлден минус үшке дейін, - дейді Оксана Овсянникова. - 19 мамыр күні ауа температурасы минус бес градусқа дейін барады. Қар аралас жаңбыр қайта жаууы мүмкін. Дегенмен, бұл - уақытша құбылыс. Аудандарда бақша жұмыстарына кіріспеген жөн. Күн маусым айында ғана жылынады».

Соңғы жаңалықтар