+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Павлодар облысында қар құрсауынан 392 көлік шығарылды

2020 жылғы 18 қаңтар 11:32
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында қар құрсауынан 392 көлік шығарылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қысқы маусым басталғалы бері 21 авариялық-құтқару жұмыстары кезінде жылыту пункттеріне 114 адам жеткізілді. Оның жетеуі - кәмелетке толмаған бала, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерлан Қасымовтың айтуынша, қар құрсауынан қыс басталғаннан бері 392 техника: 332 жүк көлігі, 10 жолаушылар автобусы, 50 жеңіл автокөлік шығарылған. Екі жағдайда басқа елдердің, Қырғыз Республикасының, Өзбекстанның азаматтары, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағына жіберілген үлкен жүк автокөліктерінің жүргізушілері мен жолаушылары зардап шеккен. Осы келеңсіз жағдайға тап болғандарға жедел және уақтылы медициналық көмек көрсетілді, тамақтану және түнеу ұйымдастырылды.

Әдетте, қыс мезгілінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жылыту пункттері қандай жерлерде орналасатынын құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар жылыту пункттері алдын ала анықтайды. Павлодар өңірінде қысқы мерзімде облыстық және республикалық автомобиль жолдарына шекаралас барлық елді мекендерде төтенше жағдайға тап болған азаматтарға арналған жылыту пункттері жұмыс істейді. Жүргізушілер мен жолаушылар жылыту пункттерінде жылумен, ыстық тамақпен, ауыз сумен және ыстық шаймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, пункттерде ана мен бала бөлмесі, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсететін медициналық пункт, ұялы телефонды зарядтау мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, шұғыл жағдайда «112» нөмірі бойынша шұғыл қоңырау шалу қажет. Бұл телефон нөмірі Қазақстан бойынша бірдей, сондықтан төтенше жағдай болған жерге қарамастан азаматтар көмекке келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT