Павлодар облысында қандай көлде мұз үстінде балық аулау қауіпті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық құтқарушылар қыста мұз үстінде балық аулау кезіндегі құтқару құралдарын ұмытып кетпеу керектігін еске салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құтқарушыларды «ГРЭС-2» ЖШС-ның иелігіндегі Шандықсор су қоймасы алаңдатады. Мұнда жыл сайын Екібастұз қаласында орналасқан төтенше жағдайлар отрядының қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, аталған су қоймасы құтқару отряды бөлімшесінен алыс болғандықтан (шамамен 50 шақырым) құтқарушылар келіп жеткенше көп уақыт кетеді, әрі құтқару жұмысын дер кезінде жүргізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан бұл су қоймасында қазіргі уақытта мұз бетіне шығу қауіпті», - деді Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Екі жарым апта ішінде Павлодар облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 50 рейд өткізді. Олар 1 610 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларға қауіпсіздік шаралары туралы жазылған 1 297 брошюра тапсырды.

«Құтқарушылар жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, әр аптаның демалыс және мереке күндері сайын рейд өткізіп, тиісті қауіпсіздік талаптарын сақтамаған тұлғаларға сақтықты ұмытпауды, жауапты болу керектігін ескертеді», - деп атап өтті ТЖД қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар