Павлодар облысында КамАз жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Павлодар-Нұр-Сұлтан» тас жолында «Toyota» маркалы автомобиль мен «КамАЗ» жүк көлігі соқытығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 қыркүйек күні сағат 01:10-да «Павлодар-Нұр-Сұлтан» тас жолының 215-шақырымында «Тoyota Сamry 55» автокөлігі мен КамАз соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Тoyota» көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция депаратаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, екінші жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Көлік арнайы айыппұл тұрағына жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Антон Гагарин


Соңғы жаңалықтар