+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Павлодар облысында кадрлық ауыс-түйіс болды

2020 жылғы 19 мамыр 18:59
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында кадрлық ауыс-түйіс болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мекеме басшысы болып Ержан Ертаев тағайындалды. Ведомствоның бұрынғы басшысы Мұрат Абулқалықов Ақсу қаласы әкімінің орынбасары болды.

Әкімдік аппаратының отырысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жаңа басшыны таныстырды.

Бүгін сондай-ақ Павлодар облысының Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Әділет министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен бұл қызмет Маржан Имятоваға жүктелді.

Ержан Ертаев 1985 жылы туған. 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы», «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастады. 2009 жылы Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы болды. 2013 - 2014 жылдар аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Нормативтік-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, аккредиттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Аккредиттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

2015 – 2017 жылдар аралығында ҚР Энергетика министрлігі Ақмола облысы бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаментінің басшысы, 2017 - 2018 жылдары - Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Жаңа лауазымға тағайындалмас бұрын ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Маржан Имятқызы 1964 жылғы 19 наурызда Павлодар облысының Краснокутск ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Физика және математика» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Краснокутск ауданы Харьков орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1987 жылдан 1993 жылға дейін Краснокутск ауданы Жданов орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.

1993 жылы педагогикалық қызметін аяқтап, аудандық ауыл шаруашылық басқармасында кадр және іс қағаздар жүргізу жөніндегі инспектор болды. 1995 жылдан бастап 2003 жылға дейін ішкі істер органдарында – алдымен Ақтоғай АІІБ паспорттық үстелінің паспортшысы, содан кейін Павлодар облысының ІІБ-да еңбек етті. 2003-2004 жылдары Павлодар қаласының сауда-өнеркәсіп палатасының бағалау және сараптау департаменті директорының орынбасары болды. 2004 жылдан бастап әділет органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2004-2007 жж. – Павлодар облысы Әділет департаментінің бас маманы, 2007-2013 жж. – Павлодар қаласының Әділет басқармасы бастығының орынбасары, 2013-2015 жж. – Астана қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы, ал 2015-2019 жж. – Астана қаласының Әділет департаменті Есіл ауданының әділет басқармасының басшысы болған. Жаңа лауазымға тағайындалмас бұрын, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары болып қызмет еткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT