+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Павлодар облысында із-түзсіз кеткен ағайындылардың біреуінің денесі табылды

2021 жылғы 26 қазан 14:01
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында із-түзсіз кеткен ағайындылардың біреуінің денесі табылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында екі ағайынды жоғалып, бірінің денесі жазық даладан табылды. Полицияға олардың жоғалғанын Екібастұзда тұратын әпкесі хабарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 70 жастағы қарияға іздеу жарияланды

«19 қазан күні Ақсу қаласының полиция бөліміне Екібастұз тұрғыны келіп, екі ағасының із-түзсіз жоғалғаны туралы өтініш жазған», - деп баяндады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, 5 қазан күнгі сағат 17:00 шамасында Ақжол ауылына жақын орналасқан шаруа қожалығының отарлығынан кеткен 1967 және 1985 жылғы ағайындылардан осы күні хабар жоқ.

Ағайындыларды іздеу жұмыстарына полиция және шекара маңы аудандарының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған.

Арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды.

«25 қазан кешінде отарлықтан 20 шақырым жердегі жазық далада 1967 жылғы ер адамның зорлау белгілері болмаған өлі денесі табылды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, ер адамның өліміне дененің қатты тонуы себеп болған», - деп түйіндеді полициядан.

Полиция және Павлодар облысындағы еріктілер екінші ер адамды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT