Павлодар облысында Индустриалдық даму басқармасының басшысы ауысты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Бауыржан Қаменов тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Б.Қаменов бұған дейін облыс әкімінің экономика, инвестиция және ішкі байланыстар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.
«1987 жылы туған Бауыржан Қаменов 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «қаржы» бакалавры, 2014 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құқық» бакалавры мамандықтары бойынша аяқтаған. «Экономика және бизнес» магистрі», - деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Индустриалды-инновациялық даму басқармасының жаңа басшысын облыс әкімдігінде өткен жиналыста аймақ басшысы Болат Бақауов таныстырды. Ол Б.Қаменовтің үлкен еңбек тәжірибесі барын атап өтіп, оған жұмыста жеміс тіледі.
Бауыржан Қаменов еңбек жолын 2008 жылы бастаған.
«Павлодар облысы әкімі аппаратының бас маманы, Павлодар аудандық әкімінің кеңесшісі, Григорьев ауылдық округінің әкімі, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Павлодар қаржы бөлімі басшысының орынбасары болды. 2016 жылдан бері Павлодар облысы әкімінің орынбасары, кейін Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылдың маусым айынан жаңа тағайындауға дейін облыс әкімінің экономика, инвестиция және ішкі байланыстар жөніндегі кеңесшісі болды», - делінген ұсынылған ақпаратта.
Антон Гагарин.
- Павлодар облысында балықтардың жаппай қырылу себебі анықталды
- Бірнеше рет атылған оқ даусы жұрттың зәресін ұшырды –Павлодар
- Пандемия кезінде тұрғындардың тауға баруы төрт есеге артты — Бақытжан Сағынтаев
- Шетсіз қала: Алматыда 22 саябақ пен сквер жөндеуден өтті
-
Сағынтаев: Алматыда жыл ішінде жасыл желекпен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 1,6 есеге өсті
-
Павлодар облысындағы Қарасу өзенінде балық қырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам