+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Павлодар облысында халықтың 64 пайызы ұлттық санаққа қатысты

2021 жылғы 19 қазан 16:38
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында халықтың 64 пайызы ұлттық санаққа қатысты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ауыл тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда халық санағына белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық санағының негізгі кезеңі аяқталуға жақын. 19 қазан күнгі жағдай бойынша облысымыздың 480 мың тұрғыны немесе облыс халқының 64,2%-ы санақ қағаздарындағы барлық сұрақтарға жауап берді», - деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтоғай, Железин, Ертіс, Аққұлы, Май және Успен аудандарының тұрғындары халық санағына түгел қатысты.

Қалған алты аудандағы жұмыстар да аяқталуға жақын.

«Қала аумақтарындағы жұмыс қарқыны төменірек. Ақсу қаласы тұрғындарының 66%-ы, Павлодар және Екібастұз қалалары тұрғындарының 50%-дан астамы ғана халық санағына қатысқан. Онлайн форматта өз бетінше халық санағынан өтпеген тұрғындардың үйлерін статистика органдарының өкілдері аралап шығады», - деп қосты өңір әкімдігінен.

Облыста халық санағын жүргізетіндер штаты 800 адамнан тұрады. Павлодар және Екібастұз қалалырының интервьюерлері транспортта тегін жүреді.

Сонымен қатар кешкі уақыттарда олардың қауіпсіздігіне полиция жауап береді, деп айтып берді әкімдіктен.

«Жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер және мүгедектермен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмыс істейді. Аталған шаралардың арқасында демалыс күндері 42,2 мың адам халық санағын өтті», - деп мәлімдеді баспасөз орталығы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT