+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Павлодар облысында халық саны азайды

2021 жылғы 27 ақпан 18:58
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында халық саны азайды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 1158 адамға немесе 0,2% азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік мекемелерде 5,1 мың мүгедек бала тұрып жатыр Ортақ мүлікті басқарудың жаңа түріне көшпеген пәтер иелері қандай жеңілдіктерден қағылады Алматыда нысандар құрылысының сапасын «халық бақылаушылары» қадағалайтын болады

Павлодар облыстық статистика департаменті өңірдегі демографиялық жағдай туралы мәліметіне қарағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарда өңірдегі халық саны 751011 адамды құраған. Соның ішінде қалалықтар – 530209 (70,6%), ауылдықтар – 220802 адам (29,4%).

Облыста ер адамдар саны - 355996 (47,4%), әйел адамдар – 395015 (52,6%).
Атап айтқанда, 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 1158 адамға немесе 0,2 пайызға азайып отыр.
«Қарастырылып отырған кезеңде Павлодар қаласында ғана халық саны 1395-ке көтерілді. Қалған қалалар мен аудандарда азайды», - деді департаментте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT