+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Павлодар облысында фермерлер малдың қайда жүргенін смартфон арқылы біледі

2020 жылғы 16 қыркүйек 15:17
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында фермерлер малдың қайда жүргенін смартфон арқылы біледі

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Май ауданында мал басын арттыруды қолға алған кәсіпкерлер Цифрландыру бағдарламасының оң нәтижесін көруде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн режимде өткізген баспасөз конференциясында Май ауданының әкімі Марат Ақтаев мәлім етті.
- Малдарға чип тағу жобасы былтырғы жылы қолға алынған болатын. Бүгінде шаруа қожалықтары оң нәтижесін көріп отыр. Чип орнатылғаннан кейін олар бұрынғыдай малды іздеп жүрмейді. Жауын-шашын кезінде үйден смартфон немесе ноутбук арқылы малдардың қайда жүргенін бақылап отырады. Ақшиман ауылдық округінде тағы екі шаруа қожалығы чип тағу тәжірибесін пайдалануға көшті. Осылайша Цифрландыру бағдарламасы жұмысты жеңілдетуде, - дейді Марат Ақтаев.

Аудан әкімі суармалы жерлердің көлемі мен мал басын арттыру басты назарға алынғанын айтады.
- Мал шаруашылығын дамытуға ниет білдірген азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Техника сатып алуға, вагондар орнатуға, инфрақұрылым тартуға субсидия мен жеңілдіктері бар несие беріледі. Бұдан кейін қайта өңдеу және экспорт туралы ойлануға болады. Биылғы жылы 15 шаруа қожалығы жаңа алаңдарды ашуға өз қаржысын салды, - дейді Марат Ақтаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT