Павлодар облысында ер адам жанып жатқан үйден көршісін алып шықты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында ер адам отқа оранған үйден көршісін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды Успен аудандық ауруханасына жеңіл дәрежедегі жану өнімдерімен улану диагнозымен жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Павлодар облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 01 сағат 10 минутта Успен ауданының №17 өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Успен ауылының Милевск көшесіндегі тұрғын үйдің жанғаны туралы телефон хабарламасы түскен.
- Шақыру орнына келгеннен кейін жеке тұрған екі бөлмелі саманнан жасалған үйде жиһаз, үй заттары, ағаш терезелер, есіктер және жалпы 40 шаршы метрде жартылай ағаш шатыр құрылымдары жанып жатқаны анықталды.

Көршісі ҚАЖД пробация қызметінің инспекторы Төлеген Нұржан үй иесін 1966 жылы туған ер адамды далаға шығарып үлгерген. Ол мас болған, - дейді департаментте.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің өрт сөндіруші азаматтық қорғау кіші сержанты Расул Қазбеков үйден сыйымдылығы 27 л бір газ баллонын алып шыққан.
Тілсіз жау 02 сағат 48 минутта ауыздықталды. Оқиға орнында жеке құрамнан 4 адам және 2 техника жұмыс істеді. Өрттің шығуына мас күйінде төсекте темекі шегу себеп болған.
Соңғы жаңалықтар