Павлодар облысында ер адам биік тіркемеден құлап мерт болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Май ауданында және Екібастұз қаласында екі қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 қазан күні 15:15-те Май ауданындағы үйлердің бірінен 1956 жылы туған ер адамның денесі табылды. Ол Жұмыскер ауылдық округіндегі жайылма су шалғынында тіркемеге шөп тиеп жүргенде абайсызда төрт метр биіктен құлап кеткен», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, сот-медицина сараптамалары белгіленген. Куәгерлер бар.

«23 қазан күні 02:10-да Екібастұз қаласында 1990 жылғы қыз масайып, абайсызда екінші қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткен», - дейді құқық қорғау органы қызметкерлері.

Қыз ауруханаға жеткізілген. Осы оқиғаның да куәгерлері бар.

Соңғы жаңалықтар