+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Павлодар облысында елік атқан браконьер ұсталды

2019 жылғы 8 қараша 08:18
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында елік атқан браконьер ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Рейд кезінде Ақтоғай ауданының полицейлері «Ақтоғай-Шолақсор» автожолында ақсулық тұрғынның «Honda CR-V» автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Соңғы екі жылда 10 инспектор браконьерлікпен ұсталды - вице-министр Қазақстанда браконьерлер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін Табиғатты қорғаушы инспекторлардың құзіреті кеңейді

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көліктің салонында еліктің тұтас еті, 10 келі балық, төрт үйрек пен аңшылық қаруы болған.

«Тексеру барысында елікті атуға рұқсат құжаты жоқ екені анықталды. Сонымен қатар ереже бойынша елікті қорықшыны ертіп жүріп қана аулауға рұқсат етіледі. Ер адам заңсыз балық аулаған, себебі бір адамға тек 5 келі ғана балық аулауға болады. Заңсыз балық аулау фактісіне қатысты ҚР ӘҚБК 383-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - дейді департаментте.

Ал елікті заңсыз ату бойынша 52 жасар ер адамға қатысты ҚР ҚК 337-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері табиғат қорғау полицейлері өңірде 437 заңсыз аң аулау фактісін тіркеген. Тәртіп сақшылары аң аулау үшін қарудың құжаттарын, аңшылық билетін, аңның қай түрін, қай ауданда аулауға рұқсат берілгені көрсетілген жол парағын алып жүру керектігін ескертеді.

Су құсы мен елікті аулау маусымы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін, терісі бағалы аңды аулау 2020 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT