Павлодар облысында электр өткізу желілерінен 770 метр сым ұрланған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Полиция ауылдардың бірінде түнде кабель ұрлаған үш тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицейлер түнгі уақытта Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінің маңында істен шыққан электр өткізу желілерінің 770 метр алюминий сымдарын ұрлаған 26-30 жас аралығындағы үш тұрғынды ұстады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистерге.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар