Павлодар облысында елді мекендерді су басу қаупі жоқ

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарлары Самат Асайынов және Алексей Двинянин «Қазавиақұтқару»АҚ ЕС-145 тікұшағында аэровизуалды тексеруді жүзеге асырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәлім еткендей, орман шаруашылығының жай-күйі мен жайылымның су басу барысына мониторинг кезінде қауіп жоқ екені анықталды.

"Ертіс өзені бойынша су жіберу және Ақсу қаласы, Май, Аққулы және Павлодар аудандарының жайылым мен дала аймақтарындағы өрт қауіпті кезеңге байланысты жағдайды болжамдау мақсатында аэровизуалды тексеруді жүзеге асырылды. Ұшу кезінде Ертіс өзенінің бойында орналасқан елді мекендерге назар аударылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жүру бағыты бойынша орман-дала жануына мониторинг жүргізілді, нәтижесінде елді мекендерді су басу қаупі жоқ екені анықталды. Алайда Ақсу өңірінде Спутник станциясынан сыртқары аумақта қамыстың жану фактісі анықталды және оны жою үшін күштер мен құралдар жіберілді.

Соңғы жаңалықтар