Павлодар облысында екі жұмысшы биіктіктен құлап кетті

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұз қаласында жұмыс орнында биіктіктен құлаған 47 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 тамыз күні сағат 13.50-де Екібастұз қаласының ауруханасына 47 жастағы ер адам жеткізілді. Ер адам ЖШС-те металл қалаушы болып жұмыс істейтіні анықталды. Ол жұмыс атқару кезінде металл контейнерден төменге құлап түскен», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, сол күні осыған ұқсас тағы бір оқиға болды. Сағат 17.00-да Екібастұз қаласының ауруханасына жарақат алған 30 жастағы ер адам жеткізілді.

«Полиция ер адамның ЖШС-тің бірінде темір желімдеуші болып жұмыс істейтінін анықтады. Ол жұмыс атқару кезінде агрегаттан төмен құлап түскен», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.


Антон Гагарин
Соңғы жаңалықтар