Павлодар облысында екі департаменттің басшылары ауысты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов аппарат кеңесінде екі департаменттің жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Павлодар облысы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып Арман Жүнісов тағайындалды.

Арман Оразұлы Жүнісов 1977 жылы туған. Мамандығы - экономист-заңгер. Жоғарғы сот жанындағы Құқық қорғау академиясын аяқтаған. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Сот сараптамасы орталығының ШҚО және Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік мекемелерінде бастады. 2007-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің елордалық департаментінде бірқатар қызметте жұмыс істеп, басқарма басшысы болды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитеті тергеу департаменті басшысының қызметін атқарды.
Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметіне Әділет Мұстафинов келді.
Әділет Қажетұлы Мұстафинов 1971 жылы туған. Мамандығы – заңгер. 1995 жылы Ішкі істер министрлігінде жұмысын бастаған. 2000-2006 жылдары Павлодар облысының салық полициясында қызмет атқарды. 2010-2016 жылдары қылмыстық атқару жүйесі органдарында қызмет етті. 2016 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар