Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.91 EUR 428.81
RUB 5.79 CNY 54.79
Jańalyqtar

Павлодар облысында екі адам суға батып кетті

2019 жылғы 22 шілде 14:34 180
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында екі адам суға батып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Ертіс өзенінде екі адам ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сағат 14.54-те Павлодар қаласы Ертіс өзенінде орталық жағажайда 1976 жылғы ер адам суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жедел құтқару жасағынан 4 адам екі техниканың көмегімен іздеу жұмыстарын аттанған», - дейді департаментте.

Сағат 15.05-те жағадан 10 метр қашықтықта, бір метрдей тереңдікте анықталған ер адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылған. Сондай-ақ, шамамен сағат сегізде Май ауданының Жалтыр ауылында Ертіс өзенінде балық аулап отырған 1977 жылғы ер адам батып кеткен. Оқиға орнына екі адам мен бір техника шығып, сол күні сағат тоғызда мүрдені судан алып шыққан. 20 шілде күні сағат 18.17-те Ертіс өзенінде үш адам отырған «Казанка» мотор қайығы аударылып қалған. Олардың екеуінде құтқару желеткелері болмаған. Құтқарушылар үшеуін де жағаға жеткізді.

«Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Катер жүріп өткен кезде 1975 жылғы кемені жүргізуші баланстан айырылып қалған. Қасындағылары 1985, 1988 жылғы азаматтар, - дейді ТЖД қызметкерлері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT