Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

Павлодар облысында екі адам суға батып кетті

2019 жылғы 24 маусым 16:03 465
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында екі адам суға батып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Успен ауданының 19 жасар тұрғыны Усолка су айдынына батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов айтты. деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ажал құшқан адам арнайы шомылуға жабдықталмаған орында суға секірген, алайда қайтып шықпаған. Бастапқыда достары өздері іздеген, таба алмаған соң «112» нөміріне қоңырау шалған»,- дейді Серік Шериязданов. Бұған дейін арнайы топ жергілікті полиция қызметімен бірге рейд жүргізгенде сол аумақта жастар болмаған. Хабарламадан кейін сүңгуір марқұмның денесін бес минуттың ішінде сыртқа алып шықты.

Сондай-ақ, Павлодар ауданы Мичурино ауылында суға түскен 1976 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны батып кеткен. Сүңгуірлер 22 маусымда күні бойы іздестірген. Келесі күні ғана екінші топ сағат 11.46-да куәгерлердің көрсетуімен батып кетуі мүмкін деп болжанған 15 метр қашықтықта, сегіз метр тереңдікте тауып алды. Ер адамның денесі полиция қызметкерлері мен туыстарына тапсырылған.

 Айта кеткен жөн, қазіргі таңда ресми түрде бір де бір жағажай ашылмаған. Жергілікті атқарушы органдардың тарапынан судың түбін тексеруге өтініш те түспеген.

Тұрғындарға шомылуға арналмаған орындарда суға түспеу туралы қаншама ескертілгенімен, соңы қайғылы аяқталатын жайттар кездесіп жатады. Себебі, арнайы жабдықталмаған орындарда шұңқыр, металл, тас болуы мүмкін. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT