+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Павлодар облысында егістік жұмыстары аяқталды

2021 жылғы 10 маусым 20:34
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында егістік жұмыстары аяқталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінде көктемгі егістік жұмыстары мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ермек Маржықпаев: Өңірден 2 млн тоннадан астам астық экспортталады Жыл басынан бері ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндірілді - министрлік Қырғызстан Қазақстаннан құс өнімдерін жеткізуге қатысты шектеулерді алып тастады

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев айтып өткендей, көктемгі егістік жұмыстары оңтайлы уақытта ойдағыдай атқарылды.

- 1,8 миллион гектар жерде көктемгі егістік жұмыстары өткізіліп, ауыл шаруашылық дақылдары 1518 мың гектарға егілді – бұл былтырғы көрсеткіштен 83 мың гектарға артық, - дейді Нұрболат Мақашев. – Оның ішінде дәнді дақылдар 917,5 мың гектар, майлы дақылдар – 211,3, жем-шөп 360,5 мың гектарға егілді.
Астықтықтың форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 518 млн сомаға жеті өтінім мұқұлданды. Олардың 7,7 мың тоннасы дәнді дақылдар, бір тоннасы күнбағыс пен 500 тонна қарақұмыққа тиесілі.
Егістік жұмыстарына барлығы 5800 трактор, 6489 тырма, 1763 соқа, 4030 тұқым сепкіш және 212 егістік кешені пайдаланылды.
Жыл басынан бері 441 бірлік жаңа техника сатып алынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT