Павлодар облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша пәтер алу несиесі зейнеткерлерге берілген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қашыр ауданының әкімдігі 2010 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының 2013 және 2014 жылы зейнеткердік жасқа жеткен 1955 және 1956 жылғы қатысушыларына бюджеттік несие ұсынып, көтермелі жәрдемақы төлеген.

Бұл ретте бюджеттік несие 15 жылдық мерзімге берілді.

Облыстық әкімдікте өткен кеңесте Павлодар облысы бойынша ревизиялық комиссияның мүшесі Айнагүл Құрманова осындай фактлерді келтірді.

2015 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарламаның 130 қатысушысының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу мерзімдері жағынан келісім талаптарын орындамауына байланысты бюджетке қайтарылуы тиіс көтермелі жәрдемақының қарыз сомасы 139 миллионнан астам теңгені құраған.

Бюджеттік несиелер бойынша қарыз 26 млн. теңгеден асты.

Бұзушылықтың барлық анықталған фактілері бойынша материалдар Павлодар облысының прокуратурасы жіберілді.

Соңғы жаңалықтар