Павлодар облысында демалыс күндері локдаун енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлолар облысында демалыс күндеріне локдаун енгізілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада Павлодар облысында коронавирус инфекцияның 616 жағдайы тіркелді. Аурудың өсуі 5,8 пайызды құрап отыр. Өткен тәулікте 150 жағдай тіркелді. Байланыста болған 366 адам анықталды. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізіліп, жаңа ошақтар оқшауланды. Өңірдің денсаулық жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 37,7 пайыз. Қазір 1 635 төсек-орын, ал резервте тағы да 2 мыңнан астам орын бар. Бүгінде реанимацияда 21 науқас жатыр. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр. Облыс бойынша 169 мобильді бригада жұмыс істейді. Тәулігіне 2,5 мыңнан астам ПТР тестілеу жүргізіледі. Жағдай бақылауда», - деді ол.

Облыс басшысының айтуынша, өңірдің «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты бірқатар шектеу шарасы күшейтілді. Демалыс күні локдаун енгізілді. Демалыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтарының, СПА, сауна, спорт нысандарының және спорт кешендерінің, фитнес орталықтарының қызметі, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Қалааралық, ауданааралық автобус, шағын автобуспен жолаушыларды тасымалдау шектелді.

«Адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аудара отырып, күшейтілген режимде 176 мониторингілік топ жұмыс істейді. Барлық медициналық, әлеуметтік мекемелер толық оқшаулаунып, сырттан келген барлық байланыстарды болдырмау арқылы тәуліктік режимге көшті. Жұқтыру ошақтарды жедел оқшаулау, байланыста болған адамдарды бақылау үшін ковид-тік инфекция жөніндегі бірыңғай ақпараттық талдау орталығы жұмыс істейді. Орталық барлық мамандармен қамтамасыз етілген», - деді Әбілқайыр Сқақов.


Соңғы жаңалықтар