Павлодар облысында дала өрті үш ауданның жеріне жайылды
2022 жылғы 3 шілде 02:55

Павлодар облысында дала өрті үш ауданның жеріне жайылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында дала өрті үш ауданның жеріне жайылды. Өрттің жалпы аумағы 70 гектарды құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, 1 шілде күні сағат 15:40-та Безводное ауылының маңында дала өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт Шарбақты және Аққулы ауданының шекарасын кесіп өтті.

Өрт сөндірушілер үш ошақта құрғақ шөп жанып жатқанын анықтады. Павлодар ауданының аумағында өрт көлемі 30 гектарды, Аққулы ауданындағы көлемі 20 гектарды және Шарбақты ауданында 20 гектарды құрады.

- Өрт, сонымен қатар, салмағы алты тоннаға жуық үш тіркемедегі жаңа шабылған шөпті шарпыды. Өрт 21:10-да оқшауланып, 21:58-де жойылды, - деді департаментте.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 7 бірлігі мен 41 қызметкері шықты. Сонымен қатар, өртті жоюға жергілікті атқарушы органдар, ауылдық өрт сөндіру бөлімшелері, орманшылар қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT