Павлодар облысында дала өрті ауылдың маңына дейін жайылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар ауданы Ефремовка ауылында қамыс пен құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші маусым күні сағат түнгі 01:15-те Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка ауында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Ол Павлодардың №3 өрт сөндіру бөлімінен 43 шақырым жерде», - деді Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде.

Ашық аумақта 200 шаршы метр жерде қамыс пен құрғақ шөп жанған. Өрт сағат 03.20-да сөндірілді, деп хабарлады ТЖД.

«Өрттің себебі – тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы. халықтың отты абайсыз қолдануы. Оқиға орнына жеке құрамның төрт адамы және бір техника барды. Шығын жоқ», - деп атап өтті департаментте.

Әлеуметтік желіде осы өрт оқиғасына қатысты видео тарады.

«Мұнда - өрт, содан кейін үйлер тұр», - деп түсіндірді оқиға куәгері.



Соңғы жаңалықтар