Павлодар облысында дала өрті 1000 гектарға жуық аумақты шарпыды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жылы-Бұлақ ауылдық округінде Сахновка – Жылыбұлақ – Қосқұдық ауылдары арасында жалпы ауданы 1000 га жуық аумақта өрт болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамның 9 қызметкері мен ауданның ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 21 адам және 9 техника жұмылдырылған. - Қосқұдық ауылында 12 үй бар, онда 30 адам тұрады. Өртке байланысты Шарбақты ауылының №2 мектеп-интернатына төрт әйел мен 10 бала эвакуацияланды. Ер адамдар өртті сөндіруге көмектесуге қалды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов пен ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов оқиға орнына аттанды. Елді мекендер мен орман алқабына қауіп жоқ, - дейді департаментте. Сондай-ақ көмекке Павлодар қаласынан өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының 12 қызметкері мен 3 техника жіберілді.
Соңғы жаңалықтар