Павлодар облысында Бұқар жыраудың 350 жылдығы атап өтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Орталық коммуникациялар қызметінде аймақтағы «Рухани жаңғыру» бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы бағдарламаның жобаларын жүзеге асыру мақсатында аймақтық Жобалық офис жүйелі жұмыс жасауда. Жобалық офистің мүшелері арнайы «Жобалық менеджмент» бойынша оқудан өтіп, кәсіби мамандардың командасы жасақталды. Жобаларды сапалы жүзеге асыру мақсатында облыстың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, журналистер, Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен құралған Сараптамалық кеңес қызмет етеді», - деп атап өтті облыс әкімі.

Болат Бақауовтың мәлімдеуінше, бағдарламаның «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» сынды негізгі бағыттарының 183 жобасын жүзеге асыруға демеушілер есебінен 6 млрд 681 млн теңге бөлінді. 

«Былтыр «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асқан ауқымды шараның бірі - «Ұлы дала» этнофестивалі болды. Бұл шараға былтыр 70 мыңнан астам адам қатысып, жұртшылықтың көңілінен шықты. Биыл жерлес ұлы тұлғаларымыздың мерейлі даталары атап өтіледі. Бұқар жырау бабамыздың 350 жылдығын, Мұса Шормановтың 200 жылдығын, Мәшһүр-Жүсіп атамыздың 160 жылдығын, Естай ақынның 150 жылдығы мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығын атап өту жоспарда бар», - деді облыс басшысы.

Әрбір мерейтойлық даталар бойынша «Айтыс», «Жыршы-термешілер» сайысы, «Фестивальдер» мен спектакльдер ұйымдастырылмақ. 

Соңғы жаңалықтар