ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ұсталғандардың арасында үш алматылық бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылдық округі аумағында сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулағаны үшін тоғыз ер адам ұсталды. О ның үшеуі - Алматы қаласының тұрғындары. Сондай-ақ, ұсталғандардан сілеусіннің екі терісі мен еліктің тұтас денесі тәркіленді»,-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, браконьерлер 2 қаңтарда жануарларды атып өлтірген.
«Павлодар облысында сілеусін аулауға тыйым салынған, ал елік аулауға 2022 жылдың 1 қаңтарынан тамызы айына дейін тыйым салынды», - деп толықтырды ПД.
Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық тергеу басталды, сараптама тағайындалды.
2021 жылы табиғатты қорғау полицейлері заңсыз аң аулаудың 481 жағдайын анықтады.