Павлодар облысында борышкерлер 7 млн теңге айыппұл төледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Аймақ полициясы 18 тамыздан бастап әкімшілік айыппұл борышкерлеріне қатысты 313 материал қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыс полицейлері айыппұл төлемеген борышкерлерді 7 млн астам теңге төлетті. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша айыппұл төлемеген 943 борышкер тексерілді. Қарызын өтемеген 8 адамның көлігі айыппұл тұрағына қойылды, 313 әкімшілік материал қозғалды», - деп баяндады Павлодар облыстық Полиция департаменті басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция 18 тамыздан бері аймақта «Борышкер» операциясын жүргізіп жатыр. Н.Таңатаров шараның мақсаты – әкімшілік айыппұл төлемей жүргендерді анықтау және оларға қатысты шаралар екенін қосып өтті.

«Рейд шаралары тек жолдарда емес, айыппұл төлемейтіндердің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша да жүргізілуде», - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы.


Антон Гагарин
Соңғы жаңалықтар