Павлодар облысында боранға байланысты тағы төрт жол жабылды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында боранға байланысты бірқатар бағытта жолдар жабылды. Өңірлік ТЖД тұрғындарғаа алыс жолға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сағат 14.10-дағы жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті (200-254 км) автожолдарының республикалық маңызы бар учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.
Сағат 14.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ, нашар көріну) республикалық маңызы бар учаскеде қозғалыс жабылды. Аққулы ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі Омбы – Майқапшағай автожолында (526-587 км) көліктердің жүруіне тыйым салынды.
Сағат 15.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ, нашар көріну) республикалық маңызы бар учаскеде қозғалыс жабылды, Ленин кентінен Шідерті кентіне дейінгі Қызылорда - Павлодар (1367-1206 км) автожолында көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.


Соңғы жаңалықтар