Павлодар облысында бір тәулікте 5 шетел азаматының елге кіруіне тыйым салынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте өңірде Ресейдің екі, Қырғызстанның бір және бір Тәжікстан азаматының Қазақстанға кіруіне тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір тәулік ішінде коронавирустың расталған жағдайлары анықталған жоқ.

«ПТР теріс нәтижесімен анықтама бермеген ТМД-ның бес азаматына елге кіруге тыйым салынды. Оның ішінде Ресей Федерациясының екі азаматы, бір Тәжікстан азаматы және Қырғызстанның екі азаматы бар», - деп хабарлады Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Эпидемиологтардың мәліметінше, өңірдегі адамдардың орын ауыстыруына мониторинг мемлекеттік шекараның төрт автомобиль өткізу пунктінде жалғасып жатыр.

«Соңғы тәулікте шекарадан 818 адам өтті, оның ішінде 538 жаяу және 280 жүк көлігінің жүргізушісі. Карантин стационарына 9 қазақстандық орналастырылды», - деп толықтырды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.


Соңғы жаңалықтар