Павлодар облысында бір күнде жоғалған екі адам іздестірілуде

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында бір күнде жоғалған екі адамды іздестіруде. Келіп түскен барлық ақпарат бойынша жұмыс істеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «VITA» іздеу жасағының еріктілері мәлім етті.

«Қолда бар деректерге сәйкес, бұл адамдар бір күнде жоғалған. Серік Ағыбаев Чернорецк ауылынан, Сұлушаш Опабаева - Хромзаводтағы Өтпе жол, 6 мекенжайынан жоғалып кеткен», - деп түсіндірді «VITA» іздеу жасағында.

Еріктілер осы адамдардың қайда екендігі туралы нақтырақ ақпарат алу үшін мүмкіндігінше әлеуметтік желілерді қамти отырып, барлық түскен ақпарат бойынша жұмыс жасайды.

Серік Ағыбаев пен Сұлушаш Опабаеваға қатысты кез келген ақпаратты волонтер нөмірлері арқылы хабарлауды сұраймыз: +7 747 615 55 63 (Катерина) немесе +7 777 334 82 01 (Светлана).


Соңғы жаңалықтар