Павлодар облысында бір күнде 1,3 мың тонна қоқыс жиналды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысында абаттандыру айлығы аясында 1,3 мың тонна қоқыс жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жариялаған абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы 10 сәуірде басталды.

«Төртінші күн қатарынан шаруашылық субъектілері, коммуналдық қызметтер және өңірдің тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар қоқысты жинап, қоғамдық орындар мен саябақтарды абаттандырып, шағын сәулет нысандары мен автобус павильондарын жөндеді. 13 сәуір күні барлық қалалар мен аудандар бойынша жаппай тазалауға 1,2 мыңнан астам адам қатысты. 87 техниканың көмегімен 1,3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды», делінген хабарламада.
Сейсенбі күні Павлодардағы үй маңындағы аумақтарды тазалауға «Вера ПВ» ПИК ұжымы да шықты. Қызмет көрсететін компанияның қызметкерлері Ткачев көшесіндегі үйлердің жанында 20 қаптан астам қоқыс жинады. Қоқысты шығару үшін қала әкімдігі кооперативке жүк көлігін ұсынды. ПИК - тің өзінде Усолка шағын ауданының тұрғындарының көпшілігі жалпы облыстық сенбілік өтетін күні - 17 сәуірде жаппай тазалауға шығатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар