Павлодар облысында бес ірі спорттық кешен салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында тұрғындардың мәдени-рухани дамуына серпін беретін «Ертіс-Променад» жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы өңір әкімі Болат Бақауов ОҚК өткен брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертіс-Променад» жобасын осы жылдың маусым-қазан айлары арасында әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері жүзеге асыратын боламыз. Бұл жобаға демеушілер есебінен қазақстандық және шетел жұлдыздары шақырып, өнердің түрлі жанрлары қамтылатын болады», - деп атап өтті Болат Бақауов.

Сондай-ақ, биыл облыста «Мультимедиялық-музейлік кешен» мен 1200 орынға арналған «Концерт Холл» құрылысы, екі ауылдық мекенде Мәдениет ошақтары мен 5 ірі спорттық кешен салынады.

«Сонымен қатар, ауылдық кітапханаларды жаңғыртып, жаңа заман талабына сай жабдықтап, Коворкинг-Орталықтарын ашу бойынша жүйелі жұмыстар жасалуда. Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы  қысқаметражды фильмдерді насихаттап, елге таныту мақсатында, облыста «Ертіс Cinema» халықаралық кинофестивалін өткізу жоспарда бар. Бүгінде алыс-жақын шетелдерден осы кинофестивальға қатысу үшін 40-тан астам өтініш түсті», - деді Болат Бақауов.

«Жаһандағы заманауи  қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы бойынша еліміздің мәдениетін шетелге танытып, насихаттауда облыстың Иса Байзақов атындағы филормонияның симфониялық оркестрі Италия елінің 7 қаласында болып, 22 концерт берген.

«Жоспарда өнер ұжымдарының Біріккен Араб Әмірліктері елдеріне гастрольдері жоспарлануда.  Сонымен қоса, облысымыздың Жүсіпбек Аймауытов атындағы драма театрымыз Египет елінің Каир қаласына  гастрольдік сапармен барғалы жатыр», - деді облыс әкімі. 

Соңғы жаңалықтар