Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, 5-і қайтыс болды
2022 жылғы 28 мамыр 22:10

Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, 5-і қайтыс болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 7 адам белгісіз заттан уланды. Адам шығыны бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-і үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 1 пациент аурухананың қабылдау бөлімінде тағы бір зардап шегуші реанимацияда жан тапсырды. Қазіргі уақытта 1 пациенттің жағдайы ауыр және 1 азамат қалалық №3 ауруханаға ауыстырылды», - делінген ресми хабарламада.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған азаматтар белгісіз заттан уланған.

«Ауруханадағы пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - дейді ведомстводан


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT