+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Павлодар облысында барымташылар ұсталды

2020 жылғы 16 қаңтар 17:01
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында барымташылар ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ұсталған барымташылар енді 1 қаңтардан бастап заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, қатаң жазаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап «тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік мекемеге, қоймаға немесе көлікке заңсыз кіру» жағдайы қылмыстың ауыр санатына ауыстырылған болатын.

«2020 жылдың 13 қаңтарында Павлодар қаласында ауладан белгісіз адамдар екі жылқыны ұрлап кеткендігі туралы полицияға хабар түсті. Иесі жылқыларды 1 млн теңгеге бағалаған. Күдіктілер көп ұзамай ұсталды. Жылқылар иесіне қайтарылды. Белгілі болғандай, 25-30 жастағы Павлодардың үш тұрғыны түнде аулаға заңсыз кіріп, ұрлыққа барған. Күдіктілердің бірі осы шаруашылықта жұмыс істеген», - деп хабарлайды департаменттен.

Ұрланған малды ұсталғандар сойып, сатпақ болған көрінеді. Алайда тәртіп сақшылары қылмысының жолын кесіп үлгерген.

Айта кетсек, биылдан бастап Қазақстанда мал ұрлығы үшін қандай жазалар енгізілгені бұған дейін хабарланған болатын. Ең алдымен, ҚР Қылмыстық кодексінде мал ұрлығы бойынша арнайы бап (188-1) енгізілді. Бапта қылмыстың 4 құрамы көрсетілген. Өзгенің малын ұрлау қылмысы үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген. Ал арнайы топпен ұйымдасып, аса ірі көлемде (500 АЕК) жасалған қылмыс үшін 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған және тараптардың ымыраласуына тыйым салынады. https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-mal-urlygy-ushin-kanday-zhazalar-engizildi_a3601820


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT