Павлодар облысында балықшылардың көлігі мұздың астына түсіп кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Черноярка ауылында, Ертістің ескі аңғарының ауданында ВАЗ 2131 «Нива» көлігі мұздың астына түсіп кетті.

Бұл туралы хабарлама ТЖД-нің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің пультына келіп түскен.

Оқиға орнына төрт сүңгуір мен бір техникадан құралған жедел-құтқару жасағы шықты. Анықталғандай, екі балықшы көліктің терезесінен өздігінен шыға алған. Көлік шатырына дейін мұздың астында қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Автомобильді судан алып шығу жұмыстары өткізілді. Балықшылармен арнайы әңгіме жүргізілді.

Павлодар облыстық ТЖ департаментінің үнемі өткізіп отырған алдын алу шараларына қарамастан, балықшылар сақтық шараларын сақтамай, сол арқылы өз өмірлеріне қауіп төндіртіп отыр.

ТЖ қызметкерлері қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтап, өзеннен рұқсат етілмеген жерлермен өтуге болмайтынын еске салуда.

Соңғы жаңалықтар