Павлодар облысында балалар үйлерінің саны азаюда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде балалар үйлері біртіндеп жабылып жатыр. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Осыдан тоғыз жыл бұрын ата-ана қамқорлығынан айырылған жеткіншектерге арналған 19 білім беру ұйымы болса, қазір олардың қатары оннан асады. Ұл-қыздарға жан жылуын сыйлап, бауырына басқысы келетін мейірімді жандар да көп.

Алексей Лодочников - Тереңкөл ауданындағы балалар үйінің түлегі. Өнерімен танылған жас қолы босаса, туған балалар үйіне баруды дәстүрге айналдырған. Тереңкөл ауданындағы балалар үйінде 45 бала тәрбиеленеді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын олардың саны екі есе көп болатын. Соңғы уақытта 35 ұл-қыз жаңа ата-анасымен қауышты. 9 жасар Артем де қатарластары сияқты толыққанды жанұяда өскісі келеді.

«Маған ұнайды математика, дене шынықтыру, әдебиет оқу жане қазақ тілі. Мұғалімдер жақсы. Мен өскенде өрт сөндіруші боламын», - деді балалар үйінің тәрбиеленушісі Артем.

Осындай үрдіс облыстағы барлық балалар үйлерінде байқалады. Жабылған ұйымдар оқушылардың демалыс орындарына айналған.

«Асырап алушылардың қатарында облыс тұрғындарынан басқа өзге өңірлердің азаматтары бар. Мәселен, жуырда екі баланы ақтөбелік отбасы бауырына басты. Ұл-қыздар жаңа отбасы тапса игі. Балалар бақытты болуға лайық», - балалар үйінің директоры Үміт Қабышева.

«2010 жылы облыста 19 балалар үйінде 810 жеткіншек тәрбие алды. Ал биыл олардың қатары 11 ұйымға азайды. Бүгінде балалар үйлерінде 379 тәрбиеші тұрады. Ата-ана атанғандарға мемлекет тарапынан қолдау бар», - облыстық білім беру басқармасының бас маманы Гүлмира Байғазинова. 

Соңғы жаңалықтар