Павлодар облысында бала туу көрсеткіші төмендеді

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында бала туу көрсеткіші төмендеді.Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 14,26 туғандарды құрады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте туғандар саны 8056 адамды құрады. Бұл - 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 8,8% аз», - дейді өңірлік статистика департаментінің хабарламасында.

Биылғы тоғыз айда өңір халқының табиғи өсімі былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 844 адамға немесе 57,1% көбейіп, 2323 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 5733 адамды құрады. Бұл - былтырғы кезеңге қарағанда қарағанда 22%-ға аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 10,15 қайтыс болғандарды құрады.
Биыл тоғыз айда 1 жасқа дейін шетінеген 55 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,5% азайды.
Соңғы жаңалықтар