+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Павлодар облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 158 өтінім мақұлданды

2019 жылғы 5 қараша 14:46
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 158 өтінім мақұлданды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыстық әкімдікте өткен жиналыста мемлекеттік бағдарламаның алдын ала нәтижелері қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Кентауда 120 отбасы баспаналы болды Бақытты отбасы: СҚО-да 100-ге жуық үйелмен баспаналы болды «Бақытты отбасы» бағдарламасы: 2020 жылы қанша пәтер беріледі

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында Үкіметке үш жыл ішінде үй кезегінде тұрған аз қамтылған көпбалалы отбасыларға тұрғын үй беру мәселесін шешуді тапсырған болатын. Павлодар облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасына 158 отбасы қатысып отыр.

«Олардың қатарында 28 көпбалалы отбасы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған 30 отбасы және 100 толық емес отбасы бар. Олардың біразы несие алып үлгерді. Көп жағдайда бағдарламаға қатысушылар екінші дәрежелі тұрғын үйлерден сатылатын пәтерлерді таңдайды», - деді аймақ басшысының орынбасары Әлия Арынова.

Жыл соңына дейін тағы да 100 павлодарлық отбасы жеңілдетілген несие алады. Жалпы алғанда, 2030 жылға дейін өңірдің әр тұрғынын кем дегенде 30 шаршы метрмен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 22 шаршы метрді құрайды.


«Тұрғын үй құрылысы бойынша алдағы үш жылға нақты жоспар қажет. Біз қандай бағдарлама бойынша, қанша тұрғын үй салатынымызды нақты білуіміз қажет. Қазіргі кезде біз «Алюминқұрылыс» шағын ауданындағы тұрғындарды жаңа үйлерге көшіріп жатқандықтан жаңа бағдарламалар бойынша тұрғын үй бере алмаймыз. Осы жұмысты аяқтап алған соң жаңа тұрғын үй бағдарламаларының қатысушыларына кем дегенде бір-екі тұрғын үй салуды қарастыруымыз қажет», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Айта кетейік, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу шарттарымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT