+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Павлодар облысында бақылаушылар сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

2021 жылғы 21 шілде 18:15
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында бақылаушылар сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысының Партиялық емес бақылау орталығының өкілдері сайлау учаскелеріне барып, 25 шілдеде өтетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау қарсаңындағы сайлау учаскелердің дайындығымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Барлығына қарсы» бағаны сайлау процесінің ашықтығына ықпал етті - сарапшы Қызылорда облысында тағы екі ауылдық округте жаңадан әкім сайланды Қызылордада екі ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр

«Павлодар облысының партиялық емес бақылау орталығы» ҚБ жетекшісі Алма Қозбаеваның айтуынша, ауылдық округтерде бақылаушыларды оқыту жүргізілуде.

«Бағдарлама дауыс беруді бақылаудың практикалық дағдыларын алуға бағытталған. Қатысушылар үшін модельдік учаске ұйымдастырылады, онда бақылаушылар кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды ойнауға болады. Партиялық емес бақылау орталығының бақылаушылары сайлау процесінің тікелей қатысушылары емес. Біздің міндетіміз - бүкіл сайлау процесінің барысына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру», - деді А.Қозбаева.

Партиялық емес бақылау орталығының байқаушылары Тереңкөл ауданы Байғүніс ауылының № 284 сайлау учаскесінде болды. Сайлау учаскелеріне барған кезде байқаушылар мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жағдайларына, санитарлық нормаларға ерекше назар аударды.

Айта кету керек, Павлодар облысында бақылаушылармен үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Олардың әрқайсысы алдағы сайлау мәселелері бойынша оқытудан өтті. Барлық бақылаушыларға әдістемелік материалдар (блокнот, бақылаушының жадынамасы, бақылаушының құқықтары мен міндеттері) берілді. Облыста барлығы 126 сайлау учаскесі ұйымдастырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT