Павлодар облысында бағдарлама аясында 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ - Б. Сағынтаев

None
None
аурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Павлодар облысында 2010-2014 жылдарға арналған үдетілген индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұл жобаларды жүзеге асыру облыстың экономикасына 900 миллиард теңгеге жуық қаржыны тартуға мүмкіндік береді. Жобалар іске қосылғаннан кейін 8 мыңға тарта тұрақты жұмыс орындары құрылады. Жалпы алғанда, 2010 жылы 153 миллиард теңгенің 24 жобасы іске қосылмақ.

«Биылғы жылы жаңа 7 жобаны жүзеге асырудың белсенді фазасы басталады. Ондағы инвестиция 379 миллиард теңгені құрайды. Барлық 7 жаба «Самұрық-Қазына» қорының қатысуымен жүзеге асырылмақ»,-деді әкім.

Соңғы жаңалықтар