Павлодар облысында азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысы бас санитар дәрігерінің өңірдегі шектеу шараларына түзету енгізген жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжат бойынша 7 тамыз күні сағат 00.00-ден бастап бірнеше санаттағы нысандар мен қызмет түрлеріне тыйым салынбақ.

Нақтырақ айтсақ:

- жабық ғимараттарда және ашық орындарда банкеттер мен үйлену тойларын, мерейтойлар мен еске алу жоралғыларын, митинг, шеру, көрме, конференция сияқты халық көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге;

- жеке үй-жайлар мен кұрылымдарды бұқаралық шараларды өткізу үшін жалға алуға;

- караоке, кальян бөлмелерінің, букмекерлік кеңселер мен бильярд залдарының, ойын және түнгі клубтардың, компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтардың қызметіне;

- облысаралық, облысішілік, қалааралық (Павлодар-Ақсу, Палодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағыттарын қоспағанда) автобус, шағын автобуспен жолаушылар тасымалына, облысаралық, қалааралық тұрақты емес туристік тасымалдарға;

- балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының қызметіне (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар);

- мәдениет обьектілеріннің қызметіне (дайындықтар);

- театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне;

- спорттық іс-шаралар өткізуге (турнирлер, жарыстар және т.б.);

- еске алуларды (жабдықтар) өткізуге;

- банкет залдарының қызметіне;

- кеңестерді (отырыстарды) офлайн өткізуге;

- демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыруға тыйым салынады.


Соңғы жаңалықтар