Павлодар облысында азық-түлік тауарлары қымбаттады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша 2018 жылғы қаңтар айында тұтыну бағаларының индексі 100,8%-ды құрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Облыстық статитсика департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, азық-түлік тауарларының бағасы 1,5%-ға, азық-түлік емес тауарлары 0,3%-ға, ақылы қызметтер 0,5%-ға өскен. Азық-түлік тауарлары бойынша шұжықтар, ет өнімдері 2,5%-ға, сүт өнімдерінің бағасы 3,4%-ға, көкөністер 5,9%-ға қымбаттады. Сонымен қатар қант бағасы 1,7%-ға төмендеді. Фармацевтикалық өнімдерінің бағалары 0,5%-ға өскені байқалады. Ақылы қызметтер бойынша көлік қызметтері 0,9%-ға, құқықтық шаштараз қызметтері 3,6%-ға, құқықтық қызметтерінің бағасы 6%-ға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар