Павлодар облысында автобустың аударылу себебі белгілі болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар полициясы бүгін Бәйет ауылы маңында вахтамен жұмыс істейтін адамдар мінген автобустың аударылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Автобус жекеменшік компанияға тиесілі. Автобусқа вахталық әдіспен жұмыс істейтін жолаушылар мінген, ол Павлодардан Атырау қаласына шыққан», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жол апаты «Павлодар-Нұрсұлтан» автожолының 139-шы шақырымында болған. Автобустың 40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жыраға аударылып түскен.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық көмек қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ауруханаға жатқызылғандар жоқ, барлық жолаушы үйлеріне жіберілді», - деп атап өтті ПД-дан.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы аталған жол апаты салдарынан автобуста болған 32 адамның 16-сы ауруханаға жатқызылғанын мәлім еткен болатын.



Фото: Константин Шелков



Соңғы жаңалықтар