Павлодар облысында автобус тракторға соғылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында шағын автобус тракторға соғылды. Апат салдарынан зардап шеккен ГАЗель көлігінің 23 жастағы жолаушысына медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

- Сағат 15.30-да Мичурин ауылы маңындағы Омбы -Майқапшағай автожолының 384 шақырымында ГАЗель маркалы автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі ілеспе бағытта келе жатқан трактормен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан шағын автобус аударылып қалған, - дейді облыстық полиция департаментінде.

Аталмыш факт тіркеліп, тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар