Павлодар облысында автобус аударылып, 16 адам ауруханаға түсті

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Бәйет ауылы маңында вахтамен жұмыс істейтін адамдарды таситын автобус аударылды. Салдарынан 16 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 103 желісіне ірі жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама бүгін сағат 12:38-де түскен.

«Қоңырау шалушылардың айтуынша, Екібастұздан 25 шақырым жерде вахташыларды Атырауға алып бара жатқан автобус аударылған. Оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы жіберілді», - деді станциядан.

Медицина қызметкерлері шақыру орнына 14 минутта жеткен.

Автобуста барлығы 32 адам болған. Оның 16-сы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

«19-53 жас аралығындағы ер адамдарда бассүйек ми жарақаттары, мидың шайқалуы, түрлі көгерулер мен сынықтар тіркелді», - делінген облыстық жедел жәрдем станциясы мәліметінде.

Облыстық Полиция департаменті жол апаты туралы әзірге ақпарат ұсынған жоқ.




Соңғы жаңалықтар